Accessibility links

Пекин Оңтүстік-Қытай теңізінде атом электр станцияларын орналастырмақ


Жасанды аралдардың бірінде салынып жатқан радар қондырғыларының спутниктен түсірілген суреті.
Жасанды аралдардың бірінде салынып жатқан радар қондырғыларының спутниктен түсірілген суреті.

Қытай билігі бірнеше қалқымалы атом электр станциясын құрастырып, Оңтүстік-Қытай теңізіндегі жасанды аралдарға жөнелтуді жоспарлап отыр деп хабарлады жұма күні Қытай бұқаралық ақпарат құралдары.

АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Вашингтонның қытай баспасөзі ақпаратынан хабардар екенін және Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы аймақтарға таласып отырған барлық елдерді біржақты шараларға бармауға шақыратынын мәлімдеген.

Қытай Спратли архпелагындағы жасанды аралдарының кейбіріне ұшып-қону алаңдарын салып қойған, қазір радар қондырғыларын орнату үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді ол жерде қалқымалы атом электр станциясының пайда болуы Қытай армиясының радарларды пайдалану, қару жүйесін басқару және сүңгуір қайықтарды бақылау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді деп санайды сарапшылар.

Теңіз дауылы мен ауа райы күрт құбылатын аймақта қалқымалы платформалар үстіндегі ядролық реакторлар орналастыру экологтарды алаңдатады. Бірнеше мемлекет дауласып, таласып отырған аралдар маңында атом қондырғыларының болуы әскери жанжал бола қалған жағдайда ауыр салдарға апарып соғу қауіпін күшейтіп жіберді.

Жақын апталарда Гаага арбитраждық соты Филиппиннің өз жағалауына жақын тұстағы архипелагта жасанды аралдар тұрғызған Қытайдың ісін заңсыз деп тануды сұрап берген талабы бойынша шешім шығаруы тиіс.

XS
SM
MD
LG