Accessibility links

Қырғызстан бас прокуроры інісі қазақ шекарасында ұсталмағанын айтады


Қырғызстанмен шекарадағы «Қордай» бақылау-өткізу бекеті.
Қырғызстанмен шекарадағы «Қордай» бақылау-өткізу бекеті.

Қырғызстан бас прокуроры Индира Жолдубаеваның інісі Ермек Жолдубаев «Қордай шекара бекетінде гашишпен ұсталғаны» жайлы Қазақстан билігі берген ақпаратқа қатысты мәлімдемесін қырғыз баспасөз құралдары арқылы таратты.

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан «шекарада ұсталған-мыс» деп мен жайлы айтылған жайтты саясиландырмауды сұраймын. Сәуір басталғалы бері, соның ішінде 9-сәуірде де мен Бішкекте болдым. Оны деректі түрде дәлелдей аламын, менің телефон нөмірім біздің республикамыздың территориясында жұмыс істеп тұрғаны жайлы мобильдік байланыс операторының мәліметтері бар.

Сірә, менің беделімді жойғысы келетіндер мені әпкеме қысым жасау үшін пайдаланбақ болған. Мен кәмелеттік жасқа толған ересек адаммын, мұндай ақылға симайтын жағдайдың барлық жауапкершілігі мен салдарын түсінемін» делінген кеше жарияланған Ермек Жолдубаевтың мәлімдемесінде.

Бұған дейін жергілікті БАҚ, Қазақстан шекара қызметіне сілтеме жасап, 9 сәуірде Қазақстан шекарасындағы «Қордай» өткізу бекетінде ұсталған Қырғызстан азаматы Ермек Жолдубаевтан аз мөлшерде гашиш табылған деген жаңалық таратқан еді. Қырғызстан бас прокуратурасы бұл ақпаратты жоққа шығарған. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі жұма күні Азаттыққа биыл 9 сәуірде «Қордай» өткізу бекетінде Қазақстан аумағына өтекші болған Қырғызстан азаматы Ермек Жолдубаевтың ұсталғанын растаған еді.

XS
SM
MD
LG