Accessibility links

АҚШ Сирия мен Иракта әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапқанын мойындады


АҚШ бастаған халықаралық коалиция әуе күштері соққы берген тұстан әуеге көтерілген түтінді қарап тұрған адамдар. Синжар қаласы, Ирак, 12 қараша 2015 жыл.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция әуе күштері соққы берген тұстан әуеге көтерілген түтінді қарап тұрған адамдар. Синжар қаласы, Ирак, 12 қараша 2015 жыл.

Пентагон «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы операциялар барысында АҚШ әскери ұшақтарының әуеден берген соққысы салдарынан Ирак пен Сирияда 20 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 11 адамның жараланғанын мойындады. Америкалық әскерилер мәліметі бойынша, әңгіме 2015 жылғы 10 қыркүйектен 2016 жылғы 2 ақпан аралығындағы кезеңде құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы болып отыр. Бейбіт тұрғындар қазасына апарып соққан АҚШ әскери ұшақтарының тоғыз шабуылының алтауы Ирак жерінде, үшеуі – Сирия территориясында жасалған.

Соңғы мәліметтерді қоса есептегенде, халықаралық коалицияның «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы әскери-әуе операциялары басталған 2014 жылғы тамыз айынан бері мерт болған бейбіт тұрғын саны 41 адамға жеткен.

Лондонда орналасқан Airwars мониторниг тобы бұл мәліметтер күмән білдіреді. Олар халықаралық коалицияның исламшыл радикалдар позицияларына берген соққылары барысында жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапқан деп санайды.

2015 жылғы қыркүйектің соңынан бері Сириядағы исламшыл радикалдарға қарсы операцияларды Ресей әскери-әуе күштері де жүргізіп жатыр. Батыс елдері Мәскеуді Башар Асад режиміне қарсы шыққан көтерілісшілерге соққы береді деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG