Accessibility links

АҚШ президенті ИМ-ге қысымды жалғастыруға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Лондон муниципалитеті ғимаратында өткен жиында сөйлеп тұр. 23 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Лондон муниципалитеті ғимаратында өткен жиында сөйлеп тұр. 23 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Лондонға сапарының соңында Батыс елдерін «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы қысымды жалғастыруға шақырды. Бүгін Обама ИМ тобын басып алған жерлерден біртіндеп ығыстырылып, Ирактағы Мосул және Сириядағы Ракка қалалары олардан босатылуы мүмкін екенін мәлімдеді. АҚШ Ирак пен Сириядағы ИМ тобына қарсы соққы беріп жатқан халықаралық коалицияны басқарады.

Сонымен бірге Обама егер АҚШ, Ұлыбритания немесе Батыстың өзге де мемлекеттері Сирия президенті Башар Асадты биліктен тайдыру үшін жаяу әскер пайдаланатын болса, онысы қателік болар еді деп мәлімдеген. Ақ үй жетекшісінің сөзінше, оның орнына Батыс елдері Сирияда билік саяси жолмен ауысуы үшін өзге елдерге, соның ішінде Ресей мен Иранға халықаралық қысым жасауы тиіс.

Барак Обама бүгін Германияға барып, сол елдің канцлері Ангела Меркельмен кездеседі. Германия Таяу Шығыс пен Украинаға қатысты мәселелерде АҚШ-тың жақын одақтасы болып табылады.

XS
SM
MD
LG