Accessibility links

Арменияда «Панамагейт» жанжалына іліккен шенеунік қызметінен кетті


Армения әділет министрлігіне қарасты сот актілерін мәжбүрлеп орындату қызметінің бастығы Мигран Погосян. Ереван, 26 қаңтар 2016 жыл.

Армения әділет министрлігіне қарасты сот актілерін мәжбүрлеп орындату қызметінің бастығы Мигран Погосян. Ереван, 26 қаңтар 2016 жыл.

Армения әділет министрлігіне қарасты сот актілерін мәжбүрлеп орындату қызметінің бастығы Мигран Погосян «Панама құжаттары» (Панамагейт) жанжалына іліккен соң қызметінен кетті. Оны қызметінен босату туралы жарлыққа ел президенті Серж Саргсян 23 сәуірде қол қойған деп хабарлайды «Интерфакс».

3 сәуірде коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) медиа тобы мен халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы (ICIJ) әлемдегі ондаған елдің жүзден астам саясаткерінің аты-жөні мен жасырын офшорлық есепшоттары туралы деректер бар панамалық Mossack Fonseca заң компаниясының құпия құжаттарын жариялаған еді. «Панама құжаттарында» аты-жөні аталған Мигран Погосян 18 сәуірде отставкаға кету туралы президентке өтініш берген.

20 сәуірде Армения полициясы «Панамагейтке» қатысты Погосянның есімі аталуына байланысты тексеру бастаған.

XS
SM
MD
LG