Accessibility links

Ереван мен Баку бітімді бұзды деп бір-бірін айыптады


Таулы Қарабақтың оңтүстік-шығысында әскери шепте тұрған армян сарбаздары. 8 сәуір 2016 жыл.

Таулы Қарабақтың оңтүстік-шығысында әскери шепте тұрған армян сарбаздары. 8 сәуір 2016 жыл.

Әзербайжан әскерилері жексенбіге қараған түні Армения территориясын 18 рет атқылады деп хабарлады бүгін Армения қорғаныс министрлігі.

Бұған дейін Әзербайжан қорғаныс министрлігі өткен тәулікте армениялық әскерилер екі тарапты бөліп тұрған сызық бойында оқ атпау режимін 108 рет бұзды деп мәлімдеген. Хабарламада Әзербайжан позициясына Армения территориясынан да, «Әзербайжанның басып алынған жерінен» де атқыланғаны айтылған.

Атыс барысында ірі калибрлі пулеметтер, минометтер, артиллериялық қондырғылар мен танктер қолданылған.

XS
SM
MD
LG