Accessibility links

Кишиневте билікке қарсы шеруге мыңдаған адам шықты


Үкіметке қарсы шеру өтіп жатқан жерде аузына тұмылдырық кигізілген ит. Кишинев. 24 сәуір 2016 жыл.
Үкіметке қарсы шеру өтіп жатқан жерде аузына тұмылдырық кигізілген ит. Кишинев. 24 сәуір 2016 жыл.

Молдова астанасы Кишинев қаласында бүгін үкіметті отставкаға жіберу, парламентті тарату және биыл қазанның 30-ына белгіленіп отырған президент сайлауына қоса мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу талаптарын көтерген митинг өтіп жатыр.

Шеруге шыққандар «Сайлау!», «Мафия жойылсын!», «Үкімет құрысын!» деп ұрандатқан. Наразылық акциясын «Ар-намыс және әділеттілік» азаматтық қозғалысы ұйымдастырған. Полицияның мәліметі бойынша, наразылық жиынына 7-8 мың адам қатысқан, бірақ ұйымдастырушылар шеруге ондаған мың адам шықты деп мәлімдеген.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Кишиневтің орталығы арқылы көлік қозғалысы мүлде тоқтап тұр. Митинг басталуына шамамен бір сағаттай уақыт қалғанда қала орталығымен қоғамдық көлік жүрмей қалған. Наразылық шарасын ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, мыңдаған адамды Кишиневтің шетінде полиция тоқтатып, қалаға кіргізбей қойған. Жексенбі күні Кишиневке қатынайтын рейстік автобустар мен бағытты таксилер де себебін еш түсіндірместен жолдан қалған.

XS
SM
MD
LG