Accessibility links

Австрия президенті сайлауында оңшылдар өкілі алда тұр


Норберт Хофер, Австрия президенттігіне әсіреоңшыл "Еркіндік партиясы" атынан кандидат.

Норберт Хофер, Австрия президенттігіне әсіреоңшыл "Еркіндік партиясы" атынан кандидат.

Австрияда өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінде болжам бойынша әсіреоңшыл "Еркіндік партиясынан" кандидат Норберт Хофер жеңіп тұр. Алдын ала мәліметтер бойынша, сайлауалды кампаниясында Еуропа Одағы мен иммиграцияға қарсы саясат ұстанған Хофер 36 пайыз дауыс алған.

Сайлаудың 22 мамырда өтетін екінші кезеңінде оның қарсыласы Жасылдар партиясы қолдайтын Александр ван дер Беллен немесе бұрынғы судья Ирмгард Грис болуы мүмкін.

Австрияда екінші дүниежүзілік соғыстан бері президенттік қызметті дәстүр бойынша не социал-демократтардың өкілдері, не "Халықтық партиядан" шыққан консерваторлар иеленетін. Соңғы сайлаудың нәтижесі социал-демократтар мен консерваторлардың басқарушы коалициясын шайқалтуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG