Accessibility links

Обама: Санкция Мәскеу келісімді орындаған соң алынсын


АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель. Ганновер, 24 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель. Ганновер, 24 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Германия канцлері Ангела Меркель екеуі Ресейге Украинаға қатысты саясатына байланысты салынған санкциялар Мәскеу Донбастағы қақтығысты тоқтату келісімін орындаған соң ғана жойылуы тиіс деген тоқтам жасағанын мәлімдеді.

"Ресейге салынған санкциялар Ресей Минск келісімі бойынша өзіне алған міндеттемелерін толық орындаған соң ғана алынуы тиіс" деді Оабама 24 сәуірде Ганноверда Меркельмен кездесуден соң.

Меркель бітім тұрақты емес екенін және Обама екеуі 2015 жылы ақпанда Минскіде жасалған Украина үкімет күштері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің орындалуын талқылағанын айтты.

"Бітім әлі тұрақты емес және біз саяси процесті алға жылжытуымыз керек. Біз келесі қажетті қадамдарды алқыладық" деді Меркель.

Обама Германияға жаңа Еуропа Одағы - АҚШ сауда пактісін талқылауға және 25 сәуірде өтетін Еуропа елдері басшыларымен кездесуге барды.

XS
SM
MD
LG