Accessibility links

Сирия: Алеппода қақтығыстардан 26 адам қаза тапты


Алепподағы әуе шабуылы болған ауданда жаралы адамды әкетіп барады. Сирия, 22 сәуір 2016 жыл.

Алепподағы әуе шабуылы болған ауданда жаралы адамды әкетіп барады. Сирия, 22 сәуір 2016 жыл.

Сирияның Алеппо қаласында үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында қайта басталған ұрыста кем дегенде 26 адам қаза тапты. Сирияның адам құқығына мониторинг жасау орталығы (Syrian Observatory for Human Rights немесе SOHR) көтерілісшілер бақылайтын аудандағы базарды атқылау кезінде 12 адам мерт болған. Құрбандардың арасында балалар да бар.

Алеппоның үкімет күштері бақылайтын ауданындағы атыстан 10 адам қаза тапқан.

Женевада келесі аптада Сириядағы үкімет күштері мен Сирия президенті Башар Асад билігіне қарсы түрлі топтар арасындағы соғысты тоқтату мүмкіндіктері жөнінде келіссөз жалғасады.

XS
SM
MD
LG