Accessibility links

Министр: 12 жылдық білім беруге 4 жылда көшеміз


Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Сурет Қазақстан үкіметі сайтынан алынды.
Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Сурет Қазақстан үкіметі сайтынан алынды.

Қазақстан мектептерінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу төрт жыл мерзімде жүргізіледі деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен брифингте білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

"12 жылдық білім берудің міндеті балаларды тағы бір жыл мектепте ұстау емес. Негізгі міндет - бірінші сыныпты алты жастан бастап оқыту. Қазір бізде алты жастағы балалардың жартысы мектепте, жартысы мектепке бармайды. Сондықтан бірінші міндет - баланы алты жасқа толғаннан бастап міндетті түрде мектепке апару" деген Сағадиев.

Министр бұған қоса 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты жоғары оқу орындарындағы жалпы білім бағдарламасы азаяды. Үкімет сайтында "Қазақстан тарихы" пәні мектепке қайтарылатыны айтылған.

Сағадиев бұған қоса әкімшілік шығындарды азайту үшін ірі қалалардағы мектептерді "адам санына қарай" қаржыландыру тәсілін енгізу жоспары барын айтқан. Министр адам санына байланысты қаржы бөлу мектепке бала тартуға стимул болатынын айтады. Оның сөзінше, баланы көп тартса қаржы да соғұрлым көп бөлінбек. "Мұның экономикалық және әлеуметтік нәтижесі үлкен. Мектекті қамтамасыз етуге бөлінетін әкімшілік шығындар бірден қысқарады" дейді Сағадиев. Ол адам санына қарай қаржы бөлінсе мектепте өз әкімшісі пайда болып, қаржыны жұмсауды өзі шешеді дейді.

XS
SM
MD
LG