Accessibility links

Порошенко: Савченко жақында Украинаға оралуы мүмкін


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Ресейде сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченко бірнеше аптада еліне оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Қазір бірнеше аптада менің өкілдерім президент ұшағымен Надежданы Украинаға әкелетінінен үмітім зор. Бұл мен және украиндықтардың көпшілігі үшін үлкен мереке болады деп ойлаймын" деді Порошенко украиналық телеарналарға берген сұхбатында. Порошенконың сөзінше, ол Савченконы босату жолдары мен нақты мерзімін 18 сәуірде Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенінде талқылаған. Ол бұған қоса түрмедегі Савченкоға украин консулының кіріп шығуына мүмкіндік беру туралы келісім жасалғанын да айтты.

Кремль Порошенконың мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Ресей билігі Савченконы айырбастау туралы қандай да бір келісім жасалғанын бірнеше рет терістеген.

Надежда Савченконы 22 наурызда Ростов облысының Донецк қалалық соты 2014 жылы жазда Луганск түбінде екі ресейлік журналистің қаза табуына қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған. 5 сәуірде Савченкоға шыққан үкім күшіне енген. Савченко өзін 2014 жылы маусымда Украина шығысында ресейшіл сепаратистер ұстап әкетіп, заңсыз Ресейге беріп жібергенін айтады.

XS
SM
MD
LG