Accessibility links

Коалиция: Йеменде "Әл-Қаиданың" 800 содырының көзі жойылды


Мукалла қаласындағы коалиция шабуылынан қираған нысандар. Йемен, 24 сәуір 2016 жыл.
Мукалла қаласындағы коалиция шабуылынан қираған нысандар. Йемен, 24 сәуір 2016 жыл.

Йемен үкімет күштеріне әскери қолдау көрсететін Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы Йеменнің оңтүстік-шығысындағы Мукалла қаласын қайтарып алу операциясында "Әл-Қаиданың" 800-ден астам содыры мерт болғанын хабарлады.

Сауд Арабиясының мемлекеттік SPA агенттігінің хабарлауынша, коалиция өткен демалыс күндері күндері болған шабуылдардан содырлар Хадрамаут провинциясының орталығы Мукалладан ығысқанын айтқан. Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хадиді жақтайтын күштер қалаға кірген. Мукалла 2015 жылдың сәуірінен бері "Әл-Қаиданың" бақылауында болған.

Коалиция әскері, оның ішінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арнаулы әскері 23 сәуірде Мукалланы қайтарып алу операциясын бастаған.

Коалиция күштері мен үкімет әскері желтоқсан айынан бері "Әл-Қаида" бақылауында тұрған Зинджибар қаласын да қайтарып алуды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG