Accessibility links

Қырғызстанда Әзімжан Асқаровтың ісін қайта қарауы мүмкін


Әзімжан Асқаров.
Әзімжан Асқаров.

Қырғызстан жоғарғы соты азаматтық белсенді әрі журналист Әзімжан Асқаровтың ісін қайта қарауға дайын екенін мәлімдеді. Асқаров жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

"Қырғызстан конституциясының 41-бабы бізді жоғарғы сотқа түскен БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитетінің шешіміне байланысты Әзімжан Асқаровтың еркіндігі мен құқығын қалпына келтіру шараларын жасауға міндеттейді" деген жоғарғы соттың төрағасы Айнаш Тоқбаев.

Асқаров бұрын милиционердің өлімі үшін сотталған. Тоқбаев қылмыстық-процессуалдық заңнама бойынша, БҰҰ комитетінің шешімі жоғарғы соттың қылмыстық істі қайта қарауына негіз бола алатынын айтқан.

Тоқбаевтың сөзінше, Асқаров жоғарғы сотқа өзіне қарсы істі жаңа деректерге байланысты қайта қарау туралы өтініш білдірсе сот комитет келтірген дәйектерге сай шешім шығарады.

21 сәуірде БҰҰ-ның адам құқығы туралы сарапшылары Қырғызстан билігін түрмеде отырған Асқаровты босатуға шақырған. Олардың пікірінше, Асқаров заңсыз ұсталып, адам төзгісіз жағдайда қамауда отырған және азапталып, сотта өзін қорғауға тиісті түрде дайындала алмаған.

Асқаров 2010 жылдың маусымында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде этникааралық жаулық тудырды, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, қауіпсіздік қызметкерін өлтіруге қатысты деген айыптармен өмір бойына сотталған.

XS
SM
MD
LG