Accessibility links

Ереванда жарылыстан екі адам қаза тапты


Ереванда жарылған автобус. Армения, 25 сәуір 2016 жыл.
Ереванда жарылған автобус. Армения, 25 сәуір 2016 жыл.

Армения билігінің мәліметінше, Ереванда автобус жарылып, екі жолаушы қаза тапты, жеті жолаушы жараланды. Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыс 25 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 10 шамасында қала орталығына жақын Алабян көшесінде болғанын хабарлайды. Жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Армения президенті Серж Саргсян жарылыстан соң қалада қауіпсіздік шараларын күшейтуге пәрмен етті. Құқық қорғау органының өкілі автобуста бомба жарылуы мүмкін деп болжауға әлі ерте екенін айтады.

Армения полициясының басшысы Владимир Гаспарян журналистермен әңгімеде автобуста жарылғыш зат болуы мүмкін деген жорамалды жоққа шығармады. "Арменпресс" агенттігінің хабарлауынша, Гаспарян жарылыс автобустың екінші қатардағы орындықтарында болған деген. Оның сөзінше, қазір жарылыс болған орындықта кім отырғаны анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG