Accessibility links

Иран: АҚШ активімізге қол сұқса сотқа береміз


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф.

Тегеран АҚШ егер Иранның бұғауланған активтерінен екі миллиард долларды террорлық шабуылдар құрбандарына төлесе онда БҰҰ-ның халықаралық сотына жүгінетінін ескертті. Иран АҚШ жоғарғы сотының америкалық банктерде бұғауланған иран активтерінен екі миллиард долларды "Иран ұйымдастырды" делінетін терактілерде тірі қалғандарға төлеу туралы шешімін "ұрлық" деп санайды.

"Біз америка үкіметі Иран активтерінің сақталуына жауапты деп санаймыз және оларды заңсыз иеленген жағдайда Халықаралық сотқа оны қайтаруды талап етіп жүгінеміз" деді Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф 25 сәуірде Македонияға барған сапарында.

АҚШ жоғарғы соты 1983 жылы Бейруттегі казармада және 1996 жылы Сауд Арабиясындағы "Хобар-Тауэрс" кешенінде болған терактілерден туыстары қаза тапқан 1 мың 300-ден астам америкалық азаматқа иран активтерінен өтемақы төлеуге шешім шығарған. АҚШ бұл шабуылдарға Иранды айыптайды. Бірақ Тегеран терактілерге қатысы барын жоққа шығарады. Зариф бұғаудағы активтен кез-келген ақша төлеу әрекеті Иран қаржысын "заңсыз иелену" деп саналатынын айтады.

"Біз әуел баста Иран үкіметі америкалық экстерриториалдық заңдарды мойындамайтынын және АҚШ сотының шешімін жарамсыз, халықаралық құқықты бұзады деп санайтынын айттық" деді Джавад Зариф.

XS
SM
MD
LG