Accessibility links

Түркия: Сириямен шекараға АҚШ зымыран жүйесі орнатылады


Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу түркиялық Haberturk басылымына АҚШ Түркияда Сирияның "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылайтын территориясымен шекарасына жақын аймаққа зымыран кешенін орнататынын мәлімдеді.

Чавушоглу басылымға америкалық Аса ұтқыр артиллериялық зымыран жүйесі Түркияның оңтүстік-шығысында мамыр айында орнатылатынын айтты. Оның сөзінше, зымыран жүйесі Сирияның солтүстігіндегі Манбиж қаласы аймағының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету стратегиясының бір бөлігі ретінде орнатылады.

Аймақ бұған дейін бірнеше рет Сирия жағынан зымыранмен атқыланған. Haberturk-тің жазуынша, зымыран жүйесі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларын нысанаға алуға да пайдаланылмақ.

XS
SM
MD
LG