Accessibility links

АҚШ-тың бес штатында праймериз өтеді


Хиллари Клинтон, АҚШ президенті сайлауына Демократиялық партия атынан түсуге үміткер.

Хиллари Клинтон, АҚШ президенті сайлауына Демократиялық партия атынан түсуге үміткер.

АҚШ-тың Коннектикут, Делавер, Мэриленд, Пенсильвания және Род-Айленд штаттарында 26 сәуірде президенттіке түсуге үміткерлерді партия ішілік таңдау - праймеризге дауыс беріледі.

Бүгінгі праймериз Демократиялық партия мен Республикашыл партия атынан президенттікке түсуге үміткерлерді анықтауда маңызды дауыс беру саналады.

Бұл штаттардағы демократтардың бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонды қолдауы оған сенатор Берни Сандерспен бәсекеде кәдімгідей басымдық берген болар еді.

Миллиардер Дональд Трамп бәсекелестері - Техас штатының сенаторы Тед Круз бен Огайо штатының губернаторы Джон Кейсиктің бірігіп өзіне қарсы тұрғанына қарамастан республикашылдар арасындағы жетекшілік орнын нығайтуға тырысып жатыр.

Екі партия атынна президенттікке кандидаттар ұлттық құрылтай қорытындысында жарияланбақ. Болжам бойынша, Демократиялық партия құрылтайы 25-28 маусымда Филадельфияда өтпек. Республикашылдар құрылтайы 18-21 шілдеде Кливленд штатында өтеді.

АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашаға белгіленген.

XS
SM
MD
LG