Accessibility links

АҚШ: ИМ-ге қосылатын содырлар саны күрт азайды


"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары (Көрнекі сурет).

АҚШ армиясының генералы Питер Грестеннің мәлімдеуінше, Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы қатарына қосылып жатқан шетелдіктердің саны күрт азайған. Пентагонда сөйлеген Герстен өзі өткен жылы Бағдадқа барғанында содырларға ай сайын бір жарым - екі мың адам жаңадан қосылып отырғанын, қазір бұл көрсеткіш екі жүз адамға дейін азайғанын айтты. Ол бұған қоса содырлар қатарынан қашатындар да көбейгенін жеткізді.

Генералдың сөзінше, бұл тенденция - шетелдік коалицияның топты қаржыландыру жолдарын жабу әрекетінің нәтижесі. ИМ шептеріне жасалған 20 соққы содырлардың 800 миллион доллар шамасындағы капиталын жоюға әсер еткен. Герстен ИМ басшылығының жалдамалы содырларға ақша төлей алмауы содырлардың "моральдық тұрғыдан қажуына" әсер еткен.

"Біз содырлардың соғысуға қабілетсіз екенін байқап отырмыз" деді генерал. Бірақ ол Ирак пен Сириядағы ИМ содырларының санын шамалап болса да айтпады.

АҚШ бастаған коалиция ИМ шептерін 2014 жылдың тамызынан бері бомбалап жатыр.

XS
SM
MD
LG