Accessibility links

Каримов: Ресейді Ауғанстандағы бейбіт келіссөзге тартқан жөн


Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Ресей президенті Ислам Каримов. Мәскеу, 26 сәуір 2016 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Ресей президенті Ислам Каримов. Мәскеу, 26 сәуір 2016 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың сөзінше, Ресейді Ауғанстандағы бейбіт келіссөзге тарту керек. Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен соң Каримов Каримов Шанхай ынтымақтастық ұйымы Ауғанстандағы әскери және саяси қақтығыстарға араласпауы тиіс деп мәлімдеді.

Каримов бұған қоса "Талибан" қозғалысы мен ауған үкіметі арасындағы келіссөзді қайта бастаудың бүкіл аймақ үшін маңызы зор екенін де айтты. Ал Путин Ресей мен Өзбекстан халықаралық антитеррорлық ұйым құруды қолдайтынын білдірді.

Соңғы айларда Кабул, Пәкістан, Қытай мен АҚШ-тың бітім туралы бейбіт келіссөзді қайта бастауға тырысқан әрекеттері сәтсіз болып жүр.

Ислам Каримов Мәскеуге 25 сәуірде екі күнге сапарлап барған.

XS
SM
MD
LG