Accessibility links

Дональд Трамп бес штаттағы праймеризде жеңді


Дональд Трамп (сол жақта) пен Хиллари Клинтон.

Дональд Трамп (сол жақта) пен Хиллари Клинтон.

АҚШ-та миллиардер, Республикашыл партия атынан президенттікке түсуден үміткер Дональд Трамп 26 сәуірде бес штатта өткен партия ішіндегі дауыс беруде жеңіске жетті. Бұл жеңіс Трамптың өз партиясы атынан президенттікке ұсынылу мүмкіндігін ұлғайтады.

Трамп Коннектикут, Делавер, Мэриленд, Пенсильвания және Род-Айленд штаттарында өткен праймеризде әр штатта 50 пайыздан астам дауыс жинап, сенатор Тед Круз бен Огайо штатының губернаторы Джон Кейсиктен басым түсті. Бұл жеңіс оның президенттікке түсу бәсекесінде жеңіске жететініне кепілдік бермейді. Ол президенттікке ұсынылуға қажетті съезге қатысатын 1237 делегаттың даусын ала алмауы да мүмкін. Бірақ праймериздегі жеңіс Трамптың кандидатурасы көпшілік республикашылдар үшін қолайлы бола бастайтынына дәлел бола алады. Америкалық Wall Street Journal басылымы жүргізген соңғы сауалнама бойынша, Трамптың кандидатурасын қолдайтын республикашылдар саны бірінші рет 50 пайызға дейін көбейген.

Трамптың басты қарсыласы Тед Круз енді келесі праймериз өзі үшін қолайлы саналатын батыс және орталық штаттарда өтетінін мәлімдеді.

Демократиялық партиядан үміткер бес штаттың үшеуінде айқын жеңіске жеткенін растады. Оның қарсыласы Берни Сандерс алдын ала мәлімет бойынша бір штатта жеңген. Дауыс санау әлі жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG