Accessibility links

Ресейде зымыран ұшпай қалуына мамандарды кіналады


"Восточный" ғарыш айлағында ұшуға дайындап қойылған "Союз 2.1а" зымыран тасығышы. Ресей, 27 сәуір 2016 жыл.
"Восточный" ғарыш айлағында ұшуға дайындап қойылған "Союз 2.1а" зымыран тасығышы. Ресей, 27 сәуір 2016 жыл.

Ресейдің Роскосмос агенттігінің басшысы Игорь Комаров "Восточный" ғарыш айлағынан зымыран ұшырудың кешіктірілгеніне ғарыш саласындағы басшылар мен қызметкерлерді айыптады.

Комаров 27 сәуірде "ғарыш саласындағы жұмыстарға оны жасап жатқандар мен бақылайтындар жауапты" деді.

Бүгін таңертең Ресейдің Амур облысында жаңа салынған "Восточный" айлағынан "Союз 2.1а" зымыраны үш спутникті тіркеп ұшуы тиіс болған. Бірақ ұшуға бірнеше минут қалғанда зымыран бортындағы автоматтық жүйенің ақауынан зымыран ұшырылмай қалған. Бұдан соң зымыранды ұшыру 28 сәуірге қалдырылған.

Комаров әуелде зымыранның ұшпай қалуына техникалық қателік себеп болғанын айтып, адам қателігі болғанын жоққа шығарған.

Зымыран ұшырылуын бақылауға Амурға Ресей президенті Владимир Путин де барған. Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауныша, Путин ғарыш айлағында зымыран ұшырылатын 28 сәуірге дейін болады.

XS
SM
MD
LG