Accessibility links

Лавров ЕҚЫҰ басшысымен Украинадағы жағдайды талқылайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 27 сәуір 2016 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 27 сәуір 2016 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Мәскеуде ЕҚЫҰ бас хатшысы Ламберто Занниермен кездесіп, ЕҚЫҰ-ның Украинаның шығысындағы қақтығыс аймағын бақылайтын миссиясының қызметін талқыламақ. Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесу Мәскеуде бүгін басталған халықаралық қауіпсіздікке арналған бесінші конференция аясында өтеді.

Мәскеуге барары алдында ресейлік "Коммерсант" басылымына шыққан мақаласында Занниер Лавровпен кездесуде Ресейдің НАТО-мен және Еуропа Одағымен қарым-қатынасын да талқылауы мүмкін екенін айтқан.

Қауіпсіздік конференциясына келген Иран қорғаныс министрі Хосейн Дегханның Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесу жоспары бар. Кейбір ақпараттар бойынша, екі ел министрлері Иранның Ресейден әскери ұшақтар мен танктер сатып алу жайын талқылайды.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, конференцияға 80-ге тарта елдің қорғаныс министрлері мен әскери сала басшылары, сарапшылар мен БҰҰ, ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы басшылары келген.

XS
SM
MD
LG