Accessibility links

Жаңаөзендіктерге митинг өткізуге рұқсат бермеді


Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының жөндеуден өткен ғимараты.

Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының жөндеуден өткен ғимараты.

Жаңаөзендегі «ӨзенМұнайГаз» компаниясының мұнайшысы Күнсұлу Әйтешованың Азаттыққа хабарлауынша, оның жерді жалға беруге байланысты бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрап қала тұрғындарының атынан жазған арызына әкімдік рұқсат етпеді.

Күнсұлу Әйтешованың сөзінше, ол Жаңаөзен қаласы әкімдігіне өз атынан және қала тұрғындарының атынан екі хат тапсырған. Онда жердің қытайларға сатылатыны туралы тарап жатқан ақпарат жайлы мәлімет беруді өтінген және сәуірдің 30-ы күні Жаңаөзен қаласының ортасындағы тәуелсіздік алаңында жердің жалға берілуіне қарсы бейбіт наразылық өткізуге рұқсат сұраған. Оған алпыс шақты адам қол қойған.

Жаңаөзен қаласы әкімі Елубай Әбілов 27 сәуірде берген жауабында Күнсұлу Әйтішеваға жердің азаматтығы жоқ тұлғалараға сатылмайтынын мәлімдеп, «заңға сәйкес бейбіт митинг өткізуге рұқсат етілмейтінін» айтты.

Қазақстандағы жерге қатысты дау наурыздың соңындағы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің аукцион арқылы сатылатыны туралы мәлімдемесінен соң басталған. 25 сәуірде Атырау қаласында мыңдаған адам қатысқан рұқсат етілмеген митинг өтіп, жиналғандар жер кодексіндегі өзгерістерге наразылық білдірген. Қазақстандағы халық наразылығы өзге өңірлерде де жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG