Accessibility links

Шымкентте "полиция азаптады" делінген тұтқынға сот үкімі шықты


Сотталушы Константин Ким. Шымкент, 26 сәуір 2016 жыл.

Сотталушы Константин Ким. Шымкент, 26 сәуір 2016 жыл.

Шымкентте бүгін «ұрлық» бабымен айыпталған, туыстары "полиция азаптады" деп шағымданған Константин Кимге сот үкімі шықты. Әл-Фараби аудандық соты судьясы Шара Бисенбаева «ұрлық» бабымен айыпталған Константин Кимге 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілеу, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

Үкім оқылғаннан кейін сотталушының әпкесі Светлана Ким журналистерге інісінің денесіндегі «полицейлер соққыларының іздерін» көрсетпек болды. Бірақ полицейлер оған мұрша бермей, сотталушыны сот залынан алып кетті.

Сотталушының туыстары оны полицейлердің «азаптағанын» айтады. Кимнің анасы Татяна Пак «полиция ұлын ұстаған кезде сабап, тұншықтырғанын» айтады. Татьяна Пактің сөзіне қарағанда, ұлы Константин Кимнің Шымкенттегі тергеу изоляторына қамалғанына төрт ай болған. Оның айтуынша, баласын Әл-Фараби ауданы полицейлері "былтыр желтоқсанның 29-ы күні таңертең алып кетіп, азаптаған». Ал Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті уәжіне қарағанда, «азаптау туралы шағым дәлелденбеген».

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG