Accessibility links

Түркияның Бурса қаласында жанкешті өзін-өзі жарды


Бурса қаласындағы жарылыс болған орын. Түркия, 27 сәуір 2016 жыл.

Бурса қаласындағы жарылыс болған орын. Түркия, 27 сәуір 2016 жыл.

Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса қаласында мешітте жанкешті әйел денесіне байлаған жарылғышты іске қосып, өзін-өзі жарды. Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглудың сөзінше, жарылыстан кем дегенде сегіз адам жараланған. Бұған дейін Түркия денсаулық сақтау министрлігі 13 адам жараланғанын хабарлаған.

"Бұл - біздің ұлтымызға, халқымыз бен бейбітшілігімізге жасалған шабуыл" деді Давутоглу Анкарада журналистерге. Ол жыл басынан бері осымен бесінші рет болып отырған жарылыс Түркияны "терроризммен күрес жолынан еш айныта алмайтынын" мәлімдеді.

Әзірге жарылысқа жауыпкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Шабуылдан бір күн бұрын АҚШ өз азаматтарын туристер жиі баратын аудандарда терактілер болуы мүмкін екендігі туралы сенімді ақпарат барын ескерткен.

Бурса - Стамбулдан оңтүстікке қарай орналасқан, Түркияның төртінші ірі қаласы.

XS
SM
MD
LG