Accessibility links

Жұмыс күші тапшы облыстарға 1259 оралман отбасы көшірілмек


Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы (Көрнекі сурет).
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы (Көрнекі сурет).

2016 жылы Қазақстанда жұмыс күші көп аймақтардан 1 мың 259 оралман отбасыны жұмыс күші тапшы аймақтарға көшіру жоспарланып отыр деп хабарлады бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Министрліктің ресми сайтында хабарланғандай, оралмандарды көшіру үкіметтің "2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың аймақтық квотасын белгілеу туралы" қаулысына сай жүргізілмек. Қаулы бойынша, тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды облыстарға орналастыру квотасы белгіленген. Оған сай Павлодар облысына 690 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына 260 отбасы, Ақмола облысына 123 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына 108 отбасы, Батыс Қазақстан облысына 29 отбасы, Атырау облысына 28 отбасы, Қостанай облысына 21 отбасы орналастырылмақ.

Бұған қоса, жұмыс күші тапшы аймақтарға көшкісі келетін азаматтарды көшіру бағдарламасы бойынша Павлодар облысына 300 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына 101 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына 40 отбасы, Қостанай облысына 22 отбасына квота бөлінген.

Ресми хабарлама бойынша, квотамен орналасқан оралмандар мен көшіп барғандарға және олардың отбасыларына көшу кезінде көмек беріліп, жұмысқа орналастыруда қолдау көрсетілмек.

XS
SM
MD
LG