Accessibility links

Ұлттық банк зейнетақы активін инвестициялай бастады


Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының кеңсесі, Алматы (Көрнекі сурет)
Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының кеңсесі, Алматы (Көрнекі сурет)

Қазақстан Ұлттық банкі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының (БЗЖҚ) активтерін инвестициялауды бастады. Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, БЗЖҚ активтерін инвестициялау 2016 жыл бойы жүргізіледі.

2016 жылы 10 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында Назарбаев бір триллион 450 миллиард теңгеге (4,3 миллиард доллар шамасында) бағаланған "еркін" зейнетақы қаржысы экономиканың бірқатар саласына инвестициялануы тиіс екенін айтқан. Инвестиция жасалатын салалар қатарында құрылыс пен банк саласы да бар. Назарбаев ол кезде өзі ұсынған "Нұрлы жол" бағдарламасына 76 миллиард теңге, 100 миллиард теңгені "ҚазАгро" компаниясына ауылшаруашылығы кешенін қаржыландыру үшін бөлуді ұсынған.

Ұлттық банк мәлметінше, БЗЖҚ активі екінші деңгейлі банктерге оларда халықаралық рейтинг агенттігі берген рейтингтік бағасы болған жағдайда инвестицияланады. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға 30-35 банк тартылған.

XS
SM
MD
LG