Accessibility links

Ресейдің Украинамен шекарасында Савченконың әпкесі ұсталды


Вера Савченко, Надежда Савченконың әпкесі.

Вера Савченко, Надежда Савченконың әпкесі.

Reuters агенттігі Ресей Украинамен шекарада әпкесі, түрмеде отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченкоға барып қайтқан Вера Савченконы ұстағанын хабарлады. Агенттік мәліметінше, Вера Савченконы ресейлік шекарашылар украин дипломатиялық көлігімен Украинаға шықпақ болғанда ұстап, паспортын алып алған. Вера Савченко тұрған жерге украин дипломаты кеткен.

Украина президентінің баспасөз мәселелері бойынша кеңесшісі Ярема Дух шекарашылар Вера Савченкоға оның федералдық іздеуде екенін айтқанын хабарлады. Бірақ шекарашылар оның не үшін ұсталғанын айтпаған. Қараша айында Ресейде Вера Савченкоға қарсы ресейлік судьяға "құрмет көрсетпегін" үшін қылмыстық іс қозғалған. Савченко судьяны "бейшара" деп атаған.

Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Кулеба Twitter-де Вера Савченко ұсталған соң украин консулы көлікке кіріп есікті бекітіп алғанын жазды. Киев Ресейдің Дондағы Ростов қаласындағы бас консулы Виталий Москаленконы Вера Савченкоға көмектесу үшін шекараға жіберген.

Оқиға Надежда Савченконы Украинаға экстрадициялау процедурасы басталғаны туралы хабарлағаннан бірнеше сағаттан соң болып отыр.

Надежда Савченконы 22 наурызда Ростов облысының Донецк қалалық соты 2014 жылы жазда Луганск түбінде екі ресейлік журналистің қаза табуына қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған. 5 сәуірде Савченкоға шыққан үкім күшіне енген. Савченко өзін 2014 жылы маусымда Украина шығысында ресейшіл сепаратистер ұстап әкетіп, Ресейге заңсыз беріп жібергенін айтады.

XS
SM
MD
LG