Accessibility links

Ливан билігі ИМ жетекшісі көзі жойылғанын мәлімдеді


Ливан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ливан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ливан қауіпсіздік күштерінің өкілдері Сириямен шекарада "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының жетекшісі деген содыр Найеф әл-Шааланның көзін жойғанын мәлімдеді. Қауіпсіздік күштерінің ақпаратына қарағанда, содыр Сириямен шекарадағы таулы аймақта жүргізілген әскери операцияда оққа ұшқан. Ливан мемлекеттік агенттіктерінің мәліметінше, содыр Абу Фаз деген атпен де белгілі.

Сирия қақтығысы Ливандағы сүнниттер мен шииттер арасындағы алауыздықты күшейткен. Ливанның шиит топтары мен саяси "Хезболла" партиясы мыңдаған жауынгерін Сирияға осы ел президенті Башар Асад жағында соғысуға жіберген. Ливандық сүнниттер мен Ливандағы сириялық сүннит босқындар Сириядағы көтерілісшілерді қолдайды.

2014 жылдан бері Ливанда ИМ содырлары мойнына алған террорлық шабуылдар саны күрт көбейген.

XS
SM
MD
LG