Accessibility links

Әзербайжан: Таулы Қарабақта бір тұрғын қаза тапты


Әзербайжанның Тертер ауданындағы әскерилер. Сәуір 2016 жыл.
Әзербайжанның Тертер ауданындағы әскерилер. Сәуір 2016 жыл.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 28 сәуірде Таулы Қарабақ аймағынан артиллериядан атқылаудан бір бейбіт тұрғын қаза тауып, сегізі жараланғанын хабарлады.

Мұның алдында Әзербайжан қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы сепаратистік күштер 5 сәуірде жаалған бітімді бұзып, Әзербайжанның Тертер және Агдам аудандарын атқылағанын хабарлаған.

Таулы Қарабақ билігі Бакудің айыптауын жоққа шығарып, Әзербайжанды аймаққа шабуылда танк, минометтер мен дүркіндете ату кешендерін қолданды деп айыптады.

Осы аптаның басында Степанакерттегі Армения қолдайтын сепаратистер жетекшілері Әзербайжан шабуылынан үш сарбазы қаза тапқанын хабарлаған.

Әзербайжан мен Армения арасында 1990 жылдардың басында Таулы Қарабақ аймағына қатысты соғыс болып, кейін бітім жасалған. Негізінен этникалық армяндар тұратын территория 1988-1994 жылдардағы соғыста Әзербайжаннан тәуелсіздігін жариялаған. Соғыстан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан.

Таулы Қарабақта Әзербайжан әскері мен Армения қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыс биыл 2 сәуірде күрт шиеленіскен. 5 сәуірде тараптар қақтығысты тоқтатуға келіскен еді.

XS
SM
MD
LG