Accessibility links

Мәскеуде Навальныйдың бетіне химиялық сұйықтық шашты


Алексей Навальный, ресейлік оппозиционер.

Алексей Навальный, ресейлік оппозиционер.

Мәскеуде бүгін Коррупциямен күрес қорының (ККҚ) кеңсесінде белгісіз адам оппозиционер Алексей Навальныйдың бетіне "көк химиялық сұйықтық" шашып кетті. Бұл туралы Навальныйдың өзі блогында хабарлады.

Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, бүгін бұдан бұрын кремльшіл "Ұлт-азаттық қозғалысының" арандатушылары "Мемориал" қорының мектеп конкурсына қатысушыларға жұмыртқа лақтырып, жасыл дәрі шашып кеткен.

Навальный екі шабуылды да жасағандар "бірлесе әрекет еткен" деп санайды. Оның пікірінше, мұның барлығы "полиция мен арнайы қызметтің қолдауымен" істеліп отыр.

XS
SM
MD
LG