Accessibility links

Лавров: Швеция НАТО-ға қосылса тиісті шара қабылдаймыз


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Мәскеу Швецияның НАТО-ға қосылу туралы кез-келген шешімін құрметтейді, бірақ солтүстік альянстың өз шекарасына қарай жақындауына "жауап шараларын жасайды" деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

"Егер Швеция НАТО-ға қосылуға шешім қабылдаса, біз оны Швеция Ресейге шабуылдайды деп қабылдамаймыз. Алайда, НАТО-ға қосылса швед әскери инфрақұрылымы альянс жоғары қолбасшылығына есеп беріп отырады. Біз әрине, өзіміздің солтүстік шекарамызда Ресейді қауіп көретін және бізді қалай болғанда да тежеуге тырысатын әскери-саяси блок барын ескеріп тиісті әскери-техникалық шаралар жасауға мәжбүр боламыз" деді Лавров швециялық Dagens Nyheter басылымына берген сұхбатында.

Ол Ресей қорғаныс министрлігі нақты қандай шаралар жасау қажетін анықтайтынын айтады.

Лавров сонымен бірге Мәскеу НАТО мен Швециядағы "русофобияның күшейгеніне" және Стокгольмнің Еуропа Одағының Ресейге қарсы санкцияларына қосылу шешіміне қарамастан "қандай да бір әскери қайшы әрекеттер жасауға ниетті емесін" айтты. Ол бұған қоса Ресей кез-келген елдің өз қауіпсіздігін қандай жолмен қамтамасыз ету шешімін өзі таңдау құқығын мойындайтынын да білдірді.

XS
SM
MD
LG