Accessibility links

БҰҰ: Донбаста құрбандар саны артты


Донецк түбіндегі Оленьевка елді мекеніндегі атқылаудан қираған көлік. Украина, 27 сәуір 2016 жыл.
Донецк түбіндегі Оленьевка елді мекеніндегі атқылаудан қираған көлік. Украина, 27 сәуір 2016 жыл.

БҰҰ Украина шығысында қаза тапқандар саны наурыз айындағы 9 мың 160 адамнан 9 мың 333 адамға көбейгенін мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Тайе-Брук Зерихун БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Донбастағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 9 мың 333 адамға, жараланғандар саны 21 мың 396 адамға жеткенін айтты.

Зерихун 27 сәуірде Донецк түбіндегі Оленьевка елді мекенін атқылау кезінде төрт бейбіт тұрғын қаза тауып, төртеуі жараланғанын айтты. Оның сөзінше, соңғы апталарда қақтығыс 2014 жылы тамыздан бері болмаған деңгейде күшейген. БҰҰ өкілі барлық тараптарды қақтығысты тоқтатуға шақырды.

Тайе-Брук Зерихун қақтығысушы екі тарапты да 2015 жылы ақпанда Минскіде жасалған келісім бойынша қақтығыс аймағына халықаралық бақылаушыларды кіргізуге кедергі жасап отыр деп айыптады. Бірақ ол бақылаушыларға кедергі негізінен Ресей қолдайтын сепаратистердің бақылауындағы аймақтарда көп екенін айтады.

XS
SM
MD
LG