Accessibility links

Михаил Лесиннің яхтасы сатылды


Михаил Лесин, Ресейдің бұрынғы баспасөз ісі жөніндегі миинстрі.
Михаил Лесин, Ресейдің бұрынғы баспасөз ісі жөніндегі миинстрі.

Ресейдің бұрынғы баспасөз істері жөніндегі министрі Михаил Лесиннің 55 метрлік яхтасы аты-жөні аталмаған адамға сатылды. Лесиннің денесі осыдан алты айға жуық уақыт бұрын Вашингтонда қонақүйдегі бөлмесінен жансыз күйде табылған еді. Оның өлімінің себептері, капиталы мен активтеріне қатысты сұрақтар бұрынғыдай құпия күйде қалып тұр.

IYC брокерлік компаниясы яхтаның сатылғаны туралы хабарлағанымен, тек сауда келісімі "жылдам жасалғанын" айтып, яхтаның қаншаға сатылғанын және кім сатып алғаны туралы мәлімет бермеді. Компания агенті Катя Джеймс Азаттыққа әуелде яхта 36 миллион еуроға бағаланғанын хабарлады. Австралия ақпарат құралдарының хабарлауынша, Лесин қайтыс болғанда яхта осы елде болған. Кейін ол Палм-Бичтегі яхталар сатылатын халықаралық көрмеге Флоридаға жөнелтілген.

XS
SM
MD
LG