Accessibility links

Кундуздағы бомбалауға қатысты АҚШ әскерилері жазаланды


Кундузда бомбалаудан зардап шеккен "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының аурузанасы. Ауғанстан, қазан 2015 жыл.

Кундузда бомбалаудан зардап шеккен "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының аурузанасы. Ауғанстан, қазан 2015 жыл.

АҚШ әскерилері Ауғанстанның Кундуз қаласында өткен жылдың қараша айында "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы ауруханасының қателесіп бомбалануына қатысты 16 әскериді әкімшілік жазаға тартты.

АҚШ билігі өкілдерінің мәліметінше, әскерилерге қатысты бір де бір қылмыстық іс қозғалған жоқ. 16 әскери қызметкердің көпшілігі - арнайы қызмет өкілдері. Әскерилерщдің кейбіріне көрігне әкімшілік жаза олардың қызметтік жолын ерте аяқтауға ықпал етеді. Бомбалауға қатысты тергеудің толық есебі бүгін жариялануы тиіс.

"Талибанның" командалық орталығын нысанаға алмақ болған АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшағы қателесіп, орталықтан 450 метр қашықтықтағы аурухананы бомбалаған еді. Бомбалау салдарынан 42 адам, оның ішінде "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы қызметкерлері қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG