Accessibility links

Алматыда белсенділер мен журналистерді полиция ұстады


Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубы (Көрнекі сурет)
Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубы (Көрнекі сурет)

Алматыда бүгін Ұлттық баспасөз клубынан жер мәселесіне қатысты митинг өткізуге рұқсат сұрау туралы баспасөз жиынын өткізбек болған белсенділерді полиция ұстап алып кетті. Жиын сағат 11-де өтуі тиіс болған. Бірақ жиын басталатын уақыт таяғанда полиция келіп, жиынды ұйымдастырушылардың бірі Маржан Аспандияровадан түсініктеме жазуын талап етті. Белсенді одан бас тартты.

Бірер минуттан соң клуб алдына бетперде киген полиция жасағы келіп, саясаткерлер Маржан Аспандиярова, Әміржан Қосанов, журналист, белсенділер Ермұрат Бәпи, Жанболат Мамай, Инга Иманбай, азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов пен қарсылық танытқан тағы екі-үш адамды күштеп көліктеріне мінгізіп алып кетті.

Полиция жасаға қоғамдық белсенді Жарылқап Қалыбайды да көлікке күштеп отырғызғанымен, бірер минуттан соң босатып жіберді. Ұсталғандардың Наурызбай батыр көшесі мен Чайковский көшелері қиылысындағы Медеу аудандық ішкі істер басқармасына әкетілгені хабарланды

Бүгін жиынға дейін журналист Рысбек Сәрсенбай мен қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжанды ұстап әкеткені хабарланған.

XS
SM
MD
LG