Accessibility links

Австралияда ирандық босқын өз-өзін өртеді


Тынық мұхитындағы Австралияға қарасты аралдардың біріндегі босқындар лагері (Көрнекі сурет).
Тынық мұхитындағы Австралияға қарасты аралдардың біріндегі босқындар лагері (Көрнекі сурет).

Австралияның Тынық мұхитындағы Науру арал-мемлекетінде иммиграциялық лагерде өзін-өзі өртеп, күйік шалған ирандық босқын қайтыс болды.

23 жастағы ирандық босқын жігіт 27 сәуірде Австралияның елден босқын мәртебесін сұрағандарға қатысты саясатына қарсылық білдіріп өз-өзін өртеген.

Австралияның иммиграциялық департаменті босқын 29 сәуірде өзін ұшақпен ауруханаға жеткізген соң көз жұмғанын хабарлады.

Науру аралының үкіметі ирандық босқын өзін-өзі аралға БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің өкілдері келетінінің қарсаңында қарсылық білдіру мақсатында өртегенін айтады.

Австралия елге пана сұрап, қайықпен жеткендерді қабылдаудан бас тартады. Австралия үкіметі Науру мен Папуа Жаңа Гвинея аралдарына босқындарды лагерде ұстап тұру үшін қаржы төлейді.

Бірақ Папуа Жаңа Гвинея премьер-министрі Петер О'Нил 27 сәуірде арал жоғарғы соты босқындар лагерін заңсыз деген шешім шығарғандықтан лагер жабылатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG