Accessibility links

Керри: ИМ-ге қарсы күресте жетістіктер бар


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Таяу Шығыстағы жаңа буын лидерлері "Ислам мемлекеті" (ИМ) және "Әл-Қаида" экстремистік ұйымдарымен күресті нығайту үшін барлық шараларды қолға алып, аймақтың саяси және экономикалық климатын өзгертеді деп мәлімдеді.

Джон Керри Alhurra телеарнасына берген сұхбатында Таяу Шығыстың жаңа буын лидерлері, әсіресе Сауд Арабиясы ИМ және "Әл-Қаидаға" қарсы күрестегі халықаралық коалицияны күшейтеді деді. Ол сонымен бірге Иракта саяси өзгеріс жасауға шақырды. Керри Сауд Арабиясы ханзадасы Мохаммед бин Салманның рөлін де айтты.

"Біздің одақтасымыз өте көп жұмыс жасап жатыр. ИМ-ге қарсы күресіп жатқан 66 мемлекет бар, бірақ Таяу Шығыс елдері белсене қатысып жатыр. ИМ-ді қаржыландырудың жолын кесу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жастардың радикалдық күштерге қосылып кетпеуін алдын алып жатырмыз. Сол себепті біздің бірқатар бастамаларымыз бар" деді Керри.

Керридің сөзінше, коалицияға мүше елдер ИМ қатарына шетелдіктердің қосылуын едәуір азайтқан, экстремистік ұйымның лидерлері өлтірілген.

XS
SM
MD
LG