Accessibility links

Оралда қарсылық акциясын өткізбек болған адамды полиция ұстады


Оралда жалғыз адамдық қарсылық акциясын өткізбек болған қала тұрғыны Бауыржан Әліпқалиевті полиция ұстап әкетті. 29 сәуір 2016 жыл.
Оралда жалғыз адамдық қарсылық акциясын өткізбек болған қала тұрғыны Бауыржан Әліпқалиевті полиция ұстап әкетті. 29 сәуір 2016 жыл.

Батыс Қазақстан облысы орталығында жұма күні кешке «жер сатуға» қарсылық акциясын өткізбек болып орталық алаңға шыққан Орал қаласының тұрғыны Бауыржан Әліпқалиевті полиция ұстап әкетті. 50 жастағы Әліпқалиев үкіметтің жер сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру жоспарына қарсы екенін айтады.

– Телеарналар бұл мәселе жайлы ашып айтпайды. Тасадағы мұндай ойындар алаңдаушылықты одан сайын күшейте түседі, - деп журналистерге сұхбат бере бастаған Бауыржан Әліпқалиевті шамамен оншақты полиция қызметкері лезде қоршап алды.

Наразы өзі дайындап әкелген плакатты жайып үлгермеді – полиция өкілдері оны автокөлікке күштеп салып, белгісіз жаққа алып кетті.

Бұл осы аптада Орал қаласында болған екінші қарсылық акциясы.

Бейсенбі күні жергілікті белсенділер қала әкімдігіне 21 мамырда жер мәселесі бойынша наразылық шеруін өткізуге рұқсат сұрап өтініш тапсырған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG