Accessibility links

Президент Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы сессиясында. Астана, 26 сәуір 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы сессиясында. Астана, 26 сәуір 2016 жыл.

Православ христиандары басты діни мейрамдарының бірі – Пасха қарсаңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Православ христиандарын, барша Қазақстан азаматтарын жарқын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Православтар Пасхасының биыл Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен тұспа-тұс келуі терең мәнге ие», - делінген құттықтау мәтінінде.

Назарбаев «христиан дінін ұстанатындардың конфессияаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі өте зор екенін, елдегі барлық діни сенім өкілдері секілді христиандар да мемлекеттің қоғамды ұйыстыруға бағытталған бастамаларын әрдайым қолдайтынын» атап өткен.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 17 миллионнан астам тұрғындар арасында православ христиандары саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында тұр.

Биыл православтар Пасха мерекесін 1-мамырда тойлайды.

XS
SM
MD
LG