Accessibility links

Қырғызстанда тінтуден кейін шетелдік екі топ-менеджер елден шығып кеткен


Kumtor logo
Kumtor logo

Қырғызстанда алтын өндіретін «Құмтөр Голд Компании» кәсіпорнында қызмет атқарған екі топ-менеджер компанияның бас кеңсесіне құқық қызметкерлері тінту жүргізгеннен кейін дереу Қырғызстаннан кетіп қалған. Бұл туралы Қырғызстан бас прокуратурасы хабарлады. Оның дерегі бойынша, аталған компания президентінің қаржы жөніндегі орынбасары Марк Бертон мен жабдықтау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Лесли Лоу елден шығып кеткен.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Қырғызстан билігі екі топ-менеджерге қатысты тергеу амалдарын жүргізбекші. Егер Бертов пен Лоу Қырғызстанға қайтып оралмайтын болса, онда Бішкек оларға қарсы заңға сәйкес шара қолданылатын болады деп сес танытып отыр.

28 сәуірде Бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті, ішкі істер министрлігі, экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет өкілдері ақша жымқырған деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс аясында «Құмтөр Голд компани» кәсіпорыны кеңсесіне тінту жүргізіп, кейбір құжаттарын алып кеткен.

«Құмтөр Голд компани» – Қырғызстандағы Құмтөр алтын кенішінің операторы әрі осы кенішке иелік ететін Centerra Gold компаниясының еншілес кәсіпорыны.

XS
SM
MD
LG