Accessibility links

Мәскеуде полиция Путиннің маскасын киген төрт адамды ұстаған


Ресей президенті Владимир Путиннің келбетіндегі маска киген белсенді Қызыл алаң маңында тұр. Мәскеу, 7 сәуір 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің келбетіндегі маска киген белсенді Қызыл алаң маңында тұр. Мәскеу, 7 сәуір 2016 жыл.

Сенбі күні Мәскеу қаласында полиция қызметкерлер Ресей президенті Владимир Путинді бейнелейтін маска киген төрт белсендіні ұстаған.

Юрий Мерзлов пен Александр Ференцті Қызыл алаңнан, ал Роман Рословцев және Василий Недопекинді – Никольский көшесінен ұстап әкеткен.

Полиция бөлімінде белсенділерді бірнеше сағат ұстап, кейін босатқан.

Мерзлов пен Ференцтің үстінде «212.1-ден қорықпаймын» деген жазу болған. Ресей қылмыстық кодексінің 212-бабы бойынша, бейбіт митинг, шеру, жиын өткізу ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеледі. 2012 жылы жазда заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бейбіт шеру өткізу ережесін бірнеше мәрте бұзғандарға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу қарастырылған.

XS
SM
MD
LG