Accessibility links

Түркияда жарылыстан екі адам қаза тауып, 22 адам жараланған


Түркиялық полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Түркиялық полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Түркияда Газиантеп қаласында 1 мамырда болған жарылыс салдарынан екі полиция қызметкері қаза тауып, 22 адам жараланған. Жарылыс полиция бөлімшесі жанында жасалған. Dogan жеке меншік ақпарат агенттігі жарылғыш зат автокөлікке орнатылған болуы мүмкін деп хабарлады. CNN телеарнасының түркиялық филиалы полиция ғимараты жанында жатқан көлік бөлшектері мен бірнеше жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметі көліктерін көрсеткен.

Түркия баспасөз құралдары Газиантеп губернаторы Әли Йерликалдың сөзіне сілтеме жасап, жараланғандар арасында тоғыз полиция өкілі бар деп хабарлады. Жарылыс дыбысы радиусы бір километр аумақта естілген.

Газиантеп қаласы Түркияның оңтүстігінде, Сирияның «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бақылауындағы аймағымен шектесетін тұсында орналасқан.

XS
SM
MD
LG