Accessibility links

Стамбулдағы наразылық шеруін полиция күшпен таратты


2015 жылы мамырда Стамбулда өткен наразылық акциясына қатысушылар. (Көрнекі сурет.)

2015 жылы мамырда Стамбулда өткен наразылық акциясына қатысушылар. (Көрнекі сурет.)

Түркиядағы Стамбул қаласында жексенбі күні наразылық шеруіне шыққандарды тарату үшін полиция жас ағызатын газ және су шашты. Шеруге шыққандар: «Фашизм жойылсын», «Бірінші мамыр жасасын» деп ұрандап, Таксим алаңына өтпекші болған.

Биыл екі рет террорлық шабуыл жасалған Стамбул қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, 1 мамыр қарсаңында қалада 24500 полиция қызметкері мен 120 су шашатын құрал даярлыққа келтірілген. Қаладағы жағдайды тікұшақ көмегімен әуеден бақылауға алған.

Билік бұл жолы да Таксим алаңында шеру өткізуге тыйым салып, алаңды таңертеңнен бастап жауып тастаған. Полиция алаңға шерумен өтпек болған жүзден астам адамды қуып таратқан. Ақпараттар агенттіктері ондаған адам ұсталғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG