Accessibility links

Пәкістанда 33 адам астан уланып қаза болған


Пәкістан картасы.

Пәкістан картасы.

Пәкістанның Пенджаб провинциясында туған күн тойында тағамнан уланған 33 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға түскен. Өткен аптада болған оқиғадан соңғы күндері тағы 10 адам (бесеуі – бала) қайтыс болғанын мәлімдеген 1 мамыр күні билік өкілдері.

Болжам бойынша, улану оқиғасына туған күн тойында дастарханға қойылған тәтті тағамды наубайханада дайындаған кезде оны абайсызда ауылшаруашылығында қолданатылатын улы дәрілер бүлдірген болуы ықтимал. Тергеушінің айтуынша, тәтті сатқан дүкеннің екі иесі мен тағы бір жұмысшысы тұтқындалған, олардың соты 2 мамырда басталады деп хабарлады AFP ақпарат агенттігі.

Пәкістан әлемде тағам қауіпсіздігіне қатысты стандарттары төмен елдердің бір болып саналады.

XS
SM
MD
LG