Accessibility links

Ресейде полиция басшысын отбасымен өлтіруге күдікті ретінде Тәжістаннан барғандар ұсталған


Андрей Гошт.
Андрей Гошт.

Ресей тергеу комитеті Самара облысы Сызрань қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Андрей Гошт пен оның отбасы мүшелерін өлтіру қылмысына күдікті ретінде үш адамды ұстаған, тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр. Бұл туралы тергеу комитеті өкілі Владимир Маркин хабарлаған.

«Арнайы іс-шаралар барсысында Самара облысы аумағында үш күдікті ұсталды, олар Орта Азиядағы республикалардың бірінен келгендер» деген тергеу комитеті хабарламасында.

Ресей мемлекеттік думасы депутаты Александр Хинштейн қылмыстық оқиғаға күдіктілердің бірі Тәжікстанға кетіп із жасырған деген ресейлік «Дождь» интернет-телеарнасына.

Тергеу орындары күдіктілердің аты-жөндерін жариялаған жоқ, қылмысқа қатысты өзге адамдар іздестіріліп жатқанын ғана хабарлады.

Андрей Гошт пен оның отбасы мүшелерін – үш ер адам мен үш әйелді сәуірдің 24-іне қараған түні Сызрань маңындағы жеке үйде біреулер өлтіріп кеткен. Тергеушілер болжамы бойынша, қылмыскерлер ұйқыдағы адамдарды ауыр затпен ұрып өлтірген. Оқиға кезінде ауыр жараланған жеті жасар қыз бала қазір ауруханада ес-түссіз жатыр.

XS
SM
MD
LG