Accessibility links

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің "оқ атпау келісімін бұзғанын" айтты


Таулы Қарабақтағы армян әскері. 3 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Таулы Қарабақтағы армян әскері. 3 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Мамырдың 1-інен 2-сіне қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасының солтүстік-шығыс бөлігінде оқ атылды деп хабарлады Армения қорғаныс министрлігі. Ереван Әзербайжан жақтан снайперлік тапаншадан бейберекет оқ атылғанын айтады.

Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі "өткен тәулікте армян әскері Таулы Қарабақтағы шектес аумақта оқ атпау туралы тәртіпті 112 рет бұзды" деп мәлімдеді. Бакудің дерегінше, оқ 60 миллиметрлік минометтен, гранатометтен және ірі калибрлі пулеметтен атылған.

Өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақтың қорғаныс министрлігі қақтығыс аймағында өткен тәулік салыстырмалы түрде тыныш өткенін, екі тараптың шекаралас тұсында бірер-саран оқ атылғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG