Accessibility links

ЦРУ-дің бен Ладен өлімі жайлы онлайн-трансляциясы сыналды


Бен Ладеннің өлімі жайлы хабарды Ақ үйдің естуі. АҚШ, 1 мамыр 2011 жыл.

Бен Ладеннің өлімі жайлы хабарды Ақ үйдің естуі. АҚШ, 1 мамыр 2011 жыл.

Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары АҚШ Орталық барлау басқармасын (ЦРУ) Усама бен Ладеннің өлтірілгеніне бес жыл толуына орай онлайн-твиттер-трансляция өткізгенін сынады.

АҚШ әскері "Әл-Қаида" террористік тобының басшысы Усама бен Ладенді Пәкістанда 2011 жылы 2 мамыр күні таңертең (жергілікті уақыт бойынша) жасырынып отырған үйінде өлтірген. ЦРУ осы операцияның бес жылдығы қарсаңында сол оқиғаның әрбір сәтін минутына дейін дәлдікпен қайталап, мәтін мен суреті бар твиттер жариялай бастаған. Ол жазбаларда бен Ладеннің паналаған үйінің, оның өлімін естіген кездегі Ақ үйдегі ахуалдың фотолары бар.

Әлеуметтік желі қолданушылары ЦРУ-дың твит-жазбаларын "әсірелеу" деп сынайды.

XS
SM
MD
LG