Accessibility links

Молдова АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығу өткізбек


Молдова әскері. (Көрнекі сурет)

Молдова әскері. (Көрнекі сурет)

Бүгін Молдоваға 3-20 мамыр аралығында өтетін Dragon Pioneer-2016 әскери жаттығуына қатысуы тиіс 200 америкалық сарбаз келмек. Молдова қорғаныс министрлігінің дерегінше, АҚШ әскері Румыниядан беренді көлікпен келеді.

Dragon Pioneer-2016 әскери жаттығуына молдовалық 165 әскер де қатысады. Жаттығу НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы аясында өтеді. Молдова бұл бағдарламаға 1994 жылы қосылған.

Молдовадағы ресейшіл оппозиция өкілдері бұл әскери жаттығуға қарсы акция өткізетіндерін мәлімдеді.

Молдовадан 1992 жылы бөлініп, өзін-өзі жеке ел деп жариялаған Приднестровье республикасында Ресейдің 1500-дей әскері бар. Олардың 380-інің халықаралық бітімгерлік күштері өкілі деген статусы бар, өзгелері - Ресейдің бұрынғы 14-гвардиялық жалпы әскер армиясының сарбаздары.

XS
SM
MD
LG